Қоғам

Венадағы жантүршігерлік терактіні еш ақтап алуға болмайды – Тоқаев

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін терроризмге қарсы тиімді біріктіру қажет деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 3 қараша – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Австрия астанасында жасалған терактіні айыптады.

Бұл туралы мемлекет басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Венадағы жантүршігерлік терактіні еш ақтап алуға болмайды. Австрия үкіметі мен халқының қайғысына ортақпын. Халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін терроризмге, адамзатты жеккөрушілік идеологиясы мен әрекетіне қарсы тиімді біріктіру керек", - деп жазды президент Twitter-де.

Қазақстанның Австриядағы елшілігінің алдын-ала ақпаратына сүйенсек, қаза тапқандар мен жарақаттанғандар арасында қазақстандықтар жоқ.

2 қараша күні кешке Австрия астанасы Вена қаласында бірнеше шабуыл жасалды. БАҚ мәліметінше, белгісіз адамдар оқ атқан, шабуылға ұшыраған нысандардың бірі – синагога.

Соңғы дерек бойынша теракт салдарынан 4 адам қаза тапты, кемінде 15 адам ауруханаға жеткізілді, ауыр жараланған жеті адамға көмек көрсетілді. Зардап шеккендер арасында полицей де бар.

Құқық қорғау органдары шабуыл жасағандардың бірі өлтірілгенін мәлімдеді, кемінде тағы біреуі іздестіріліп жатыр.

Жаңалықтар
0