Аңдатпа

Қазақстанда 4 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Абзал КалиевВиды Нур-Султана
Виды Нур-Султана  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 4-14 қараша аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

4 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

12.30 – "Әл-Фараби: әлемнің екінші ұстазы" фильмінің онлайн көрсетілімі (Трансляция Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының Instagram және Facebook парақшаларында жасалады).

Ішкі істер министрлігінің брифингі, уақыты анықталып жатыр.

Нұр-Сұлтан

10:00 – Мәжілістің жалпы отырысы.

15.00 – Нұр-Сұлтан мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы. Күн тәртібінде: "Нұр-Сұлтан қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджетінің жобасы туралы". Баяндамашы: Қ.З.Манқараев – "Нұр-Сұлтан қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы. Қосымша баяндамашылар: Ш.М.Қадырова – "Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы; А.Ж. Ахмеджанов – "Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы; С.С. Ерғалиев – "Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы; Т.М. Мұратов – "Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы; С.О. Нұрғожина – "Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы; Т.Ә. Қышқашбаев – "Нұр-Сұлтан қаласының тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы.

17.30 – Астана Операда  "Абай" операсының образдары" көрмесі. Спикер – "Астана Опера" театрының режиссері Еренбақ Тойкенов. Сағат 18.00-де Абайдың 175 жылдығына арналған "Бір жерде бірге жүрсең басың қосып..." концерті аясында спикерлер сөз сөйлейді. Барлық БАҚ өкілдері маска режимін сақтауы тиіс. Байланыс телефоны: + 7 (7172) 70 95 94, + 7 701 999 1254 Салтанат Әбдірова (баспасөз қызметінің жетекшісі), +7 701 999 93 84 Екатерина Романова (баспасөз қызметінің бас маманы), + 7 771 555 03 81 Әсел Нақыпова (баспасөз қызметінің маманы).

Ішкі істер министрлігінің брифингі, уақыты нақтыланып жатыр.

19.00 – "Абай әлемі" топтамасынан концерт: "Бір жерде бірге жүрсең басың қосып...". Концерттік бағдарламада Б.Ерзакович, М.Сағатов, Б.Жұманиязов, Н.Меңдіғалиев, Қ.Шілдебаев және басқа композиторлардың өңдеуіндегі Абай әндері шырқалады. "Астана Операда" алғаш рет Абайдың өлеңдеріне жазылған Төлеген Мұхамеджановтың вокалдық циклы орындалады (Қонаев көшесі, 1).

19.00 – "Наедине с Пушкиным" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Желтоқсан көшесі, 11, 13).

5 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

12.00 – Эрнст Гофманның ертегісі бойынша "Щелкунчик" балеті, "Астана Опера" театры (Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 95 94).

12.00 – Нұр-Сұлтан қаласының Қуыршақ театрында "Еще раз о русалочке" қойылымы (14.00-де – қазақ тілінде) (Республика даңғылы, 62. Байланыс телефоны: +7(7172)22 26 46).

15.00 – Нұр-Сұлтан мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы. Күн тәртібі: "Нұр-Сұлтан қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджетінің жобасы туралы". Баяндамашы: Қ.З.Манқараев – "Нұр-Сұлтан қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы. Қосымша баяндамашылар: Т.Б. Құлышев – "Нұр-Сұлтан қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы, Н.Т. Уранхаев – "Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы, А. Т. Қожабаева – "Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы.

Алматы

19.00 – "Отырар сазы" оркестрінің концерті (Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы, Қалдаяқов көшесі, 35).

6 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

19.00 – "Астана Опера" опера және балет театрында Санкт-Петербург Музыка үйінің солистері, беделді халықаралық байқаулардың лауреаттары Арсения Сибилёва (скрипка), Александр Кашпурин (фортепиано), Дугар Цыбиковтың (гобой) концерті. Залдағы орын саны шектеулі. Концерт http://www.tengrinews.kz/tv-да онлайн режимінде көрсетіледі (БАҚ kaz.rs.gov@mail.ru электронды мекен-жайы бойынша 5 қазан сағат 14.00-ге дейін тіркелуі тиіс. Байланыс телефондары: +7 701 054 7177, +7 701 261 39 64).

19.30 – "Желтораңғы туралы аңыз" балетінің премьерасы. Театр сахнасында адамдар әлемі мен табиғаттың текетіресі туралы балет қойылады ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9).

7 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

"Абайдың мұрасы – адамзат қазынасы" әлеуметтік роликтер мен қысқаметражды фильмдер фестивалі (Байланыс телефоны: +77016103141. www.abayfestival.kz сайтында тіркелу керек. Фестиваль "Abay Festival" youtube-арнасында көрсетіледі).  

Нұр-Сұлтан

12.00 – елордадағы Қуыршақ театрында "Маугли" қойылымы (14.00-де – қазақ тілінде) (Республика даңғылы, 62. Байланыс телефоны: +7(7172)22 26 46).

18.00 – "Астана Опера" театрында "Петр Чайковскийдің хорға арналған музыкасы" концерті (Қонаев көшесі, 1).

Алматы

19.00 – "Аққу көлі" балеті (Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Қабанбай батыр көшесі, 110).

8 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

12.00 – "Астана Опера" театрында балаларға арналған "Жануарлар карнавалы" музыкалық-поэтикалық концерті (Қонаева көшесі, 1).

10 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

12.00 – Нұр-Сұлтан қаласының Қуыршақ театрында "Как зайчонок зайцем стал" қойылымы (14.00-де – қазақ тілінде) (Республика даңғылы, 62. Байланыс телефоны: +7(7172)22 26 46).

19.00 – "Путешествие в обратно" қойылымының премьерасы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Желтоқсан көшесі, 11, 13).

13 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Баспа, радио, интернет журналистика саласындағы "Үркер" ұлттық сыйлығының лауреаттарын марапаттау салтанаты. Байқаудың мақсаты – талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау.  "Үркер" сыйлығын алуға өтінімдер 2 қарашаға дейін қабылданады. Байқау жұмыстарына тәуелсіз әділ қазылар алқасы қарап, баға береді. Оның құрамына белгілі журналистер, осы саланың еңбек сіңірген қайраткерлері және алғаш рет биыл халықаралық медиа сарапшылар кіріп отыр. Осы жылы 11 номинация бойынша ақпарат саласының үздіктері анықталады. Шара онлайн форматта өтеді. Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның жеңімпазына "Үркер-2020"  естелік мүсіншесі мен 1 000 000 теңге ақшалай сыйақы беріледі.

14 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

18.00 – "Евгений Онегин" операсы ("Астана Опера" театры).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0