Спорт

UFC басшысы тарихтағы үздік спортшыны атады

© AP Photo / John RaouxОператор в маске и перчатках работает на чемпионате UFC 249
Оператор в маске и перчатках работает на чемпионате UFC 249 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Хабиб Нурмагомедов UFC-дің жалпы рейтингін бастап тұр. Алайда чемпионат тарихындағы үздік спортшы атанған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 2 қараша – Sputnik. UFC тарихындағы ең үздік жекпе-жек шебері - америкалық Джон Джонс. Ұйым басшысы Дана Уайт осындай мәлімдеме жасады.

"Хабиб Нурмагомедов UFC-дің жалпы рейтингін бастап тұр. Алайда чемпионат тарихындағы үздік спортшы - Джон Джонс", - деп айтты Дана Уайт UFC Fight Night 181 турнирінде.

Джон Джонс — жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін спортшы. Ұйым тарихында өз салмағындағы ең жасы. Джонс титулды сегіз рет сәтті қорғады.

Бұған дейін Джонс та Хабиб Нурмагомедов UFC-дегі үздік спортшы деген пікірмен келіспейтінін айтқан болатын.

30 қазанда ұйым басшысы соңғы жекпе-жектен кейін карьерасын аяқтайтынын мәлімдеген Нурмагомедов қайта оралуы мүмкін екенін хабарлады. Спортшы мұны өмірден озған әкесі үшін жасамақ.

Тағы оқыңыз: Хабиб Нурмагомедов Қазақстанға жасырын келіп, игі іс жасады

Жаңалықтар
0