Қоғам

Қазақстанда қыс қандай болады – синоптиктердің болжамы

© Sputnik / Абзал КалиевВиды Нур-Султана зимой
Виды Нур-Султана зимой - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Алдағы қыста Қазақстанда ауа температурасы климаттық нормадан 1-2 градусқа жоғары болады деп болжанып отыр   

НҰР-СҰЛТАН, 2 қараша – Sputnik. Қазгидрометтің синоптиктері алдағы қыс қандай болатынын хабарлады.

"2020-2021 жылдардың қысы өткен жылғы қысқа ұқсас, яғни жылы және жауын-шашынды болады деп болжанып отыр. Өткен жылдың қысында Қазақстан аумағына Атлантика аймақтарынан жылы және ылғалды ауа массалары жиі-жиі кіріп тұрды. Жер қабатында белсенді циклондық әрекет байқалып, атмосфералық фронттардың өтуі жиіледі, соған байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мол түсті", - делінген Қазгидрометтің хабарламасында.

Метеорологтардың болжауынша, алдағы қыста ел аумағында температура климаттық нормадан 1-2 градусқа жоғары болады, тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында таулы және тау бөктеріндегі аумақтарда норма төңірегінде қалыптасады.

Желтоқсан мен қаңтарда Қазақстанның батысын қоспағанда, республиканың басым аумағында ауа райы жауын-шашынды болады, ақпанда жауын-шашын республиканың басым бөлігінде нормадан жоғары, ал оңтүстік-батыстың жартысында норма шамасында түседі.  

Алдағы көктем қандай болады

Көктемнің басы, яғни наурыз айы жылы болады, жауын-шашын аз түседі деп болжанып отыр. Ауаның орташа айлық температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2 градусқа жоғарылайды, ал Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы және тау бөктері аумақтарында – норма шамасында.

Жауын-шашын мөлшері аумақтың көп бөлігінде нормадан аз, солтүстікте және Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарының оңтүстік-шығыс бөлігінде норма шамасында, Шығыс Қазақстан тауларында нормадан көп болады деп болжанған.

Жаңалықтар
0