Қоғам

Қазақстанда бір тәулікте 442 адам коронавирус жұқтырды

© Sputnik / Владислав ВодневПробирка с кровья для анализа COVID-19 - иллюстративное фото
Пробирка с кровья для анализа COVID-19 - иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Шығыс Қазақстанда 245 адамда COVID-19 диагнозы расталғанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 2 қараша – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 442 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Шығыс Қазақстанда 245 адамда COVID-19 диагнозы расталғанын хабарлады.

Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 28
Алматы қаласы - 21
Ақмола облысы - 27
Ақтөбе облысы - 4
Алматы облысы - 2
Атырау облысы - 3
Шығыс Қазақстан облысы - 245
Жамбыл облысы - 3
Батыс Қазақстан облысы - 13
Қарағанды облысы - 16
Қостанай облысы - 13
Маңғыстау облысы - 2
Павлодар облысы - 30
Солтүстік Қазақстан облысы - 35

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 112 860. 

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирус індетінің өршуінің үш сценарийін атады. Пессимистік болжам дәл келсе, Қазақстанда локдаун желтоқсанның ортасында, ал реалистік сценарий кезінде қаңтарда енгізіледі.

Президент қазақстандықтарды денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдары мен карантин шараларын сақтауға шақырды. Бұл локдаунды қайта енгізбеудің жолы екенін айтты.

Жаңалықтар
0