Қоғам

Өткен тәулікте коронавирустан бес адам қайтыс болды

© Sputnik / Тимур БатыршинВ России появятся деньги, на которых изображены врачи в масках
В России появятся деньги, на которых изображены врачи в масках - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бір тәулікте елде 442 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 41 адамға пневмония диагнозы қойылып отыр

АЛМАТЫ, 2 қараша – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан бес адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Коронавирус белгісі бар пневмониядан қайтыс болғандар тіркелген жоқ.

Қазір коронавирус инфекциясынан 4 489 адам ем қабылдап жатыр, арасында 333 бала бар. Стационарларда 2 420 науқас жатыр. 2 069 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Науқастардың арасында 150 адамның жағдайы ауыр, 15 науқас аса ауыр жағдайда жатыр. 22 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Сонымен қатар бір тәулікте 442 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 41 адамға пневмония диагнозы қойылды.

Пандемия басталғалы Қазақстанда 112 860 адам коронавирусқа шалдықты, 1857 адам қайтыс болды.

Бірінші тамыздан бастап 38 003 адамға пневмония диагнозы қойылды, 402 адам көз жұмды.

Жаңалықтар
0