Қоғам

"Әліппеде" кириллица қарпі қолданылады

© Sputnik / Абзал КалиевУчебники, иллюстративное фото
Учебники, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа "Әліппе" бекітілді, алдағы уақытта оқулықты шығару жұмыстары басталды. Бірақ алдымен 2021 жылдың қаңтар айында апробациядан өткізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 2 қараша – Sputnik. Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы орта білім орталығының директоры Манара Адамова "Әліппе" алдымен кириллица қарпімен шығарылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазір біз кириллица әліпбиіне негізделген әріптерді пайдаланатын болғандықтан, сол 42 әріпке негізделген "Әліппенің" оқу бағдарламасы дайындалды. Бірақ алдымызда латын графикасына көшу мақсаты тұр. Олай болған жағдайда біз ол бағдарламаны латын әліпбиіне ауыстырамыз. Ол қатар жасалды, бағарламаның жобасы бар", - деді Адамова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оқи отырыңыз: Білім министрлігі "Әліппе" мектепте қашан оқытыла бастайтынын айтты 

Бүгін білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова "Әліппе" оқулығының бекітілгенін мәлімеді. Оның айтуынша, алдағы уақытта оқулықты шығару жұмыстары басталды. Бірақ алдымен оны 2021 жылдың қаңтар айында апробациядан өткізеді. Ол үшін пилоттық мектептердің тізімі бекітілді.  

"Осылайша, сараптамадан өткен оқулықтар жаңа оқу жылында мектептерге енгізіледі. Жалпы, "Әліппе" оқулығын 2021-2022 оқу жылына енгізу жоспарланған. Осы жоспарға сай жұмыс жүргізіліп жатыр. Сосын өздеріңізге белгілі, желтоқсан айында "Әліппемен" қоштасу өткізілетін. Қазіргі принцип те соған негізделген. Одан ары қарай  "Ана тіліне" көшеді ", - деп түйіндеді Каринова.

Жаңалықтар
0