Саясат

Назарбаев Nur Otan партиясының съезін өткізу туралы қаулыға қол қойды

© Sputnik / Владислав ВодневNur Otan партиясының маңдайшасы, архивтегі сурет
Nur Otan партиясының маңдайшасы, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тұңғыш президент Nur Otan партиясы саяси кеңесінің бюросын 24 қарашада шақыру туралы қаулыға да қол қойды

НҰР-СҰЛТАН, 2 қараша – Sputnik. Осы жылдың 25 қарашасында Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезі өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезін 2020 жылдың 25 қарашасында өткізу туралы қаулыға қол қойды", - деп жазды партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-де.

Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы саяси кеңесінің бюросын 2020 жылдың 24 қарашасында шақыру туралы қаулыға қол қойған еді.

Тағы оқыңыз: Саясаттанушы парламентке оппозициялық партиялар келсе не болатынын болжады

Еске салсақ, Қазақстанда 2021 жылы 10 қаңтарда мәжіліс және мәслихат сайлауы өтеді. Кандидаттарды ұсыну 10 қарашада басталып, 30 қараша сағат 18.00-ге дейін созылады. Партия тізімдерін тіркеу мерзімі 10 қарашадан 10 желтоқсанға дейін жалғасады.

Жаңалықтар
0