НҰР-СҰЛТАН, 2 қараша – Sputnik. Nur Otan төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Нұрсұлтан Назарбаев саяси кеңес бюросын жинауға қаулы еткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Елбасы, партия лидері Нұрсұлтан Назарбаев "Nur Otan" партиясы саяси кеңесінің бюросын 2020 жылғы 24 қарашада шақыру туралы қаулыға қол қойды", - деп жазды Байбек Twitter-парақшасында.
Саяси кеңес бюросы немен айналысады
Саяси кеңес бюросы – партияның басқарушы органы. Ол съездер мен саяси кеңес отырыстары арасындағы кезеңде партияның жұмысын басқарады, өзекті әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси мәселелерді талқылайды.
Сондай-ақ, бюро партия тізіміне енгізілген мәжіліс депутатына кандидаттар арасында депутаттық мандаттарды бөлу кезектілігін айқындайды, партияның саяси кеңес отырыстарын шақырады.
Сонымен қатар саяси кеңес бюросы мәжілісте депутаттық фракция құрады.