Өңірлер

Алматы маңындағы демалыс орнында атыс болды

© AP Photo / Rogelio V. SolisВыстрел из пистолета
Выстрел из пистолета - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция "адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр, жараланғандарға медициналық көмек көрсетілді

АЛМАТЫ, 2 қараша – Sputnik. Алматы маңындағы Байсерке ауылындағы демалыс орындарының бірінде атыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматы облысының полиция департаменті қылмыстың 31 қазанда сағат 16.00-де болғанын хабарлады.

"Полицияға белгісіз адамдардың қару қолданып адам өлтіруге оқталғаны туралы ақпарат түсті. Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Шымкентте төрт адамды өлтіріп кетті

Құқық қорғаушылар күдікті адамдарды анықтау үшін жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Байсерке ауылындағы демалыс орнының иесі мен қызметкерлеріне де оқ тиген.

Қазір жарақат алған азаматтар Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханада жатыр.

Жаңалықтар
0