Әлем

Грекиядағы жер сілкінісі: жарты жылға төтенше жағдай жарияланды

© Depositphotos / Kwasny222Мелиссани үңгірі, Грекия
Мелиссани үңгірі, Грекия - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Билік осы уақыт ішінде зілзала салдарын жоюды көздеп отыр. Олардың айтуынша, төтенше жағдай режимі шешімдер қабылдауды жеңілдетеді

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Грекиядағы Самос аралында жақында болған жер сілкінісінен кейін жарты жылға төтенше жағдай режимі жарияланды.

Азаматтық қорғау бас хатшысы Василиос Папагеоргиудің шешімімен Шығыс және Батыс Самостың муниципалитеттерінде төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды РИА Новости.

Тиісті бұйрыққа азаматтық қорғау және дағдарыстық жағдайларда басқару министрінің орынбасары Никос Хардалиас қол қойды.

Биліктің мәліметінше, ТЖ енгізу жойқын жер сілкінісінің салдарын жою үшін қажет. Өйткені режим шешімдер қабылдауды оңайлатады.

Төтенше жағдай алты айға, яғни 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін енгізіліп отыр.

Түркия мен Грекиядағы жер сілкінісі

Түркияда 30 қазан күні магнитудасы 7 балдық жойқын жер сілкінісі болды. Табиғи апаттың салдарынан Измир провинциясы мен Грекияның Самос аралында ғимараттар құлап, қирады.

Тағы оқыңыз: Түркиядағы жер сілкінісі: зардап шеккен қазақстандықтар елшілікке хабарласа алады

Зілзала ошағы – Измир провинциясындағы Сеферихисар қаласы ауданында. Жер сілкінісінің әсерінен Эгей теңізінде цунами толқыны болды.

"Біздің мемлекет зардап шеккен азаматтарға қол ұшын созады. Апат аймағында барлық тиісті ведомство мен ұйымдар жұмыс істеп жатыр", - деп жазды Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Twitter-де.

Соңғы дерек бойынша, Түркияда табиғи апаттан 25 адам, ал Грекияда екі адам (оқушылар екені хабарланды) қаза тапты. Бұдан бөлек, Түркияда 800-ден астам, ал Грекияда жиырма адам зардап шекті.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеді.

Жаңалықтар
0