Қазақстан мен Ресей "Бәйтерек" жобасына қатысты келісімге қол қойды

© Sputnik / Grigoriy Sysoyev / Медиабанкке өтуПуск ракеты-носителя "Союз-ФГ" с транспортным пилотируемым кораблем "Союз МС-07" с космодрома "Байконур"
Пуск ракеты-носителя Союз-ФГ с транспортным пилотируемым кораблем Союз МС-07 с космодрома Байконур - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан мен Ресей тарапы бірлесіп "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құрады

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Мәскеуде Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің "Роскосмос" ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорацияның бас директоры Дмитрий Рогозинмен жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды қазақстандық ведомствоның баспасөз қызметі.

Кездесу барысында 2004 жылдың 22 желтоқсанындағы Қазақстан үкіметі мен Ресей үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойылды.

Тараптар ғарыш саласындағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, оның ішінде "Байқоңыр" кешенін одан әрі дамытуды, сонымен қатар "Бәйтерек" ("Назарбаев старты"), "Гагарин старты" жобаларына қатысты мәселелерді талқылады.

Бұдан бөлек, "ЦЭНКИ" АҚ бас директоры Андрей Охлопков және "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны "АҚ бас директоры Қуат Мұстафинов "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру бойынша қызметтер көрсетуге арналған келісімшартқа қол қойды.

Бәйтерек – экологиялық қауіпсіздіктің жоғары деңгейімен, ресейлік "Союз-5" зымыран-тасымалдағышымен ғарыш аппараттарын ұшыруға арналған кешен.

Бұл жобада Ресей тарапы "Союз-5" зымыран тасығышын, техникалық және ұшыру кешендерінде бақылау-тексеру аппаратурасын жасауды, сондай-ақ, үдеткіш блоктың, ғарыш аппараты мен ғарыш бас бөлігінің техникалық кешенін жаңғыртуды қамтамасыз етеді.

Қазақстан тарапы "Зенит-М" ғарыш зымыран кешенінің жерүсті инфрақұрылымы нысандарын қайта құрады және жаңғыртады.

Жаңалықтар
0