Журналистер өзін қалай қорғай алады - SputnikPro вебинары

© Public DomainСекретные документы
Секретные документы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шетелде қиын жағдайға тап болған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері не істеуі керек? Өз проблемаңызға қоғамның назарын аударудың жолы қандай? Бұл туралы SputnikPro вебинарында

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан — Sputnik. Журналистер өз құқығын қалай қорғай алатынын публицист Мария Бутина айтты.

"Журналистер құқығы, негізінен, қай жерде бұзылады? Ең алдымен, контент жою, тілшілерді соққыға жығу, күш қолдану, түсірілім құрылғыларын зақымдау, қамауға алу, депортация сынды шаралар қолданылуы мүмкін", - деді Мария Бутина.

Оның айтуынша, журналистер құқығы жиі бұзылады. Әділдік орнату оңай емес. Ол үшін халықаралық ұйымдардың көмегіне жүгіну керек.

© Sputnik / Скриншот страницы вебинара SputnikProЖурналистер өз құқығын қалай қорғай алатынын публицист Мария Бутина айтты
Журналистер өзін қалай қорғай алады - SputnikPro вебинары - Sputnik Қазақстан
Журналистер өз құқығын қалай қорғай алатынын публицист Мария Бутина айтты

"Бастысы, сабырлы болу керек. Егер қамауға алса, сауалдар қоя бастаса, адвокаттың көмегіне жүгіне аласыз. Егер қорғаушы болмаса, туыстарыңызға хабарласу керек. Олар адвокат табуға көмектеседі", - деді SputnikPro сарапшысы.

Мария Бутина өткен жылдың желтоқсанынан бері RT-да стрим жүргізушісі.

SputnikPro жобасының 25-ші онлайн-сессиясына Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан, Беларусь, Армения, Молдова, Абхазия мен Осетия тұрғындары қатысты.

SputnikPro - Sputnik ақпарат агенттінің халықаралық жобасы. 

Жаңалықтар
0