Қоғам

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет екі апта ішінде ұсталған шенеуніктерді атады

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги в руках, архивное фото
Деньги в руках, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Пара алды деп күдікке ілінгендердің қатарында Қарағанды облысындағы әскери бөлімнің шенді қызметкерлері де бар

АЛМАТЫ, 30 қазан – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өткен екі аптада ұсталған лауазымды тұлғаларды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Маңғыстау облысында мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы "Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы мен компания директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Олар Ақмыш шатқалы ескерткішін абаттандыруға бағытталған ақшалай қаражатты ұрлады деген күдікке ілінді.

Қазіргі уақытта кінәлі тұлғалар мойындау түсініктемесін берді. Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Ал Алматы облысында ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің "Республикалық ветеринариялық зертхана" ШЖҚ РМК Талдықорған өңірлік филиалының басшысына қатысты пара беруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Ол 26 қазан күні өзіне мүдделі тұлғаны әскери қызметке жарамсыз деп танығаны және тиісті әскери билет бергені үшін 425 000 теңге сомасында пара беруге оқталды деген күдікке ілінді.

Аталған іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ Павлодар филиалының бір басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Ол өзіне ведомстволық бағынысты бөлімше басшыларынан жалпы сомасы 250 мың теңге ақша алды деген күдікке ілінген. Тергеу жалғасып жатыр.

Сонымен қатар Қарағанды облысында Ұлттық ұланның "Орталық" өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдегі лауазымды әскеридің қылмысы әшкереленді.

Ол әскери қызметшілерді әртүрлі лауазымдарға тағайындау және ауыстыру туралы мәселені шешкені үшін бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінді.

Оқи отырыңыз: СҚО-да карантинде кедергісіз жүру үшін полицей 1 миллион 300 мың пара алған

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында коронавируспен күреске бөлінген бюджет қаражатын жымқырған шенеуніктердің ұсталғаны хабарланды.

Жаңалықтар
0