Өңірлер

Шығыс Қазақстанда қатаң шектеу шаралары енгізілді

© Sputnik / Анатолий УстиненкоУсть-Каменогорск,виды города
Усть-Каменогорск,виды города - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ведомствоаралық комиссия коронавирус жағдайы ушығуына байланысты Шығыс Қазақстан облысына барды

АЛМАТЫ, 30 қазан — Sputnik. Ведомствоаралық комиссия коронавирус жағдайы ушығуына байланысты Шығыс Қазақстан облысына барды. Соңғы аптада сырқатқа шалдыққандар көрсеткіші 100 мың тұрғынға 56,1-ге жетті.

Өңірдегі жағдайды тұрақтандыру үшін ведомствоаралық комиссия бірқатар шектеу шараларын енгізді.

Оған сәйкес, 2 қарашада мына бағыттарға әуе рейстерінің саны қысқарады:

  • Нұр-Сұлтан -  аптасына 17 рейстен 7-ге дейін;
  • Алматы - аптасына 14 рейстен 7-ге дейін; 
  • Шымкент - аптасына 2 рейстен 1-ге дейін.

Сондай-ақ, теміржол рейстері қысқарады:

  • Өскемен -  аптасына 1 рет;
  • Алматы -  аптасына 3-ке дейін.

Барлық жолаушыда мерзімі 3 күннен аспаған ПТР анықтамасы болуы керек.

Шығарып салатындар мен қарсы алушыларға әуежай мен вокзалға кіруге тыйым салынады. Өңірде транзиттік пойыздар тоқтамайды.

Еске сала кетсек, бірнеше тәулік бойы Шығыс Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар санының өсімі байқалады.

Жаңалықтар
0