Әлем

Киберкеңістік шабуылда кім жеңіске жетеді

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуИнформационные технологии
Информационные технологии - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір әлемде киберқару мен киберқадағалау барлық жерде қолданылатындығын жұрттың бәрі өте жақсы түсінеді

Ұлыбритания Ресейге қарсы ақпараттық және кибер соғыс жүргізіп жатқанын ашық мойындады. Әрине, бұл факт ешкім үшін сенсацияға айналған жоқ: сондықтан да ешкім одан иллюзия жасамады. Алайда Ресейге қарсы диверсиялық әрекетті лорд Марк Седвиллдің мойындауы, британдық жоғары лауазымды адамның аузынан шыққан сөз болды және бұл ресми Лондонның жария түрде алғашқы растауы еді. Бұған дейін олар мұндайды дауыстап айтуға қысылатын, деп жазады РИА Новости.

Устройство виртуальной реальности, архивное фото  - Sputnik Қазақстан
Кибер-кітап, цифрлық колледж: білім берудің жаңа мүмкіндіктері таныстырылды
Сондай-ақ Седвилл тиісті операциялар туралы білетін болу керек. Өйткені ол жақында премьер-министрдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі болды және бір мезетте Уайтхоллдың бүкіл бюрократиялық аппаратын басқарды. The Times газетіне берген ашық сұқбатында Седвилл өзінің ресми дипломатиялық мансабынан басқа МI-6 офицері ретінде қызмет етуін орынды деп санайтынын білдірген.

Сонымен, жыл соңына дейін лордтар палатасынан орын алуға дайындалып жатқан экс-шенеунік көпшілік алдында нені мойындады?

Ол Ұлыбритания Ресейге киберкеңістікте шабуыл жасап жатқанын айтты.

– Сіздің оны қалай қолданатынымызды көрмегеніңіз бізде жоқ дегенді білдірмейді, – деді Седвилл ашық түрде.

Сондай-ақ ол "Ұлыбритания Ресей басшыларына және олардың мүдделеріне қарсы бірқатар құпия шабуылдар жасады" деді. Оған қоса Лондон ресейлік олигархтардың мүлкі мен есепшоттарын бұғаттап жатқанын қосты.

Соңғы дерекке қатысты Ресей рахмет айтатыны сөзсіз. Өйткені Владимир Путин бұған дейін елдегі ірі кәсіпкерлерге "капиталды тапқан жерде сақтау" туралы талай рет ескерткен. Сондықтан батыс арнайы қызметтерінің мұндай мәлімдемелері мен әрекеттері ресейлік бизнесті өз президентінің шақыруын орындауға итермелейді. Ал британдықтар Ресейде капиталдың анағұрлым қауіпсіз екенін растайды.

Енді Ресейге қарсы кибершабуылдар мен диверсиялық науқанға келетін болсақ, лорд Седвилл Лондон оларды Солсберидегі Скрипалдардың улануымен байланысты атышулы оқиғаға "жауап қайыру соққысы" деп алдаусыратқан.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың 4 наурызында Скрипалдар өздерін нашар сезінді. Бұған дейін де британдық арнайы қызметтің лас әрекеттері Ресейде бірнеше рет тіркелген. Осы орайда, психологиялық және ақпараттық соғысқа мамандандырылған британдық Strategic Communications Laboratory (SCL Group) фирмасының қызметін еске түсіру жеткілікті. Себебі олар өздерінің дезинформациялық кампания ретінде Ұлыбритания мен АҚШ-тың және жалпы НАТО-ның әскери және барлау құрылымдарында қызмет ететінін ешқашан жасырмаған. Тіпті, олар мұндай іспен 1990 жылдардың басынан бері айналысады.

Эмблема Европарламента на административном здании в Брюсселе  - Sputnik Қазақстан
Әлем
Батыс қырғи қабақ соғыстың жаңа кезеңіне аяқ басты
SCL-тің лас жұмыс әдістері 2018 жылдың наурыз айында еншілес құрылымы Cambridge Analytica-ға қатысты дау-дамайға байланысты ашылды. Бұл іс батыс истеблишменті Дональд Трамптың жағында АҚШ-тағы сайлау науқанына қатысқаны үшін кампанияға қарсы қару кезенген кезде әшкере болған. Осы оқиға болмағанда, оларға әлі күнге дейін ешкім тиіспес еді.

Сол кезде бұл құрылымның өкілдері өздерінің әлеуетті тапсырыс берушілерімен сөйлесеміз деп ойлаған (шын мәнінде, олар жасырын журналистер болған). Ал олар интернетте дезинформация таратып, аудиторияларды таргеттеу арқылы әлеуметтік желілерде жалған аккаунттар жасап келген. Яғни, іс жүзінде олар өздерінің ұзақ уақыт бойы сол ақпараттық соғыспен айналысқандықтарын мойындады.

2015 жылы НАТО "орыс бағытында" жұмыс істеу үшін SCL-ді жалдады. Өз портфолиосында компания 2004 жылы Киевтегі "қызғызлт" революциясын қолдауға жалданғанын ашық айтқан. Содан кейін Виктор Ющенконың жұмбақ "улануының" арқасында "қызғылттар" жеңіске қол жеткізді. Бірақ Киевте улану болмағаны белгілі.

Сонымен қатар SCL Ұлыбритания қорғаныс министрлігі мен Киев билігі тарапынан "Донецк халық республикасын жою және әлсірету үшін" жалданғанын да мойындады.

Мұның бәрі Солсберидегі оқиғадан бұрын болғанын айта кетейік. Лорд Седвилл, 2017 жылдың сәуір айынан бастап қауіпсіздік жөніндегі кеңесші болып қызмет еткені белгілі. Ол менің сөзім сенімді шығады деп болжайды.

Біздің қазіргі заманымызда киберқару мен киберқадағалаудың барлық жерде қарсыластарға ғана емес, одақтастарға да қарсы қолданылатындығын жұрттың бәрі өте жақсы түсінеді. Бір ғана америкалық арнайы қызметтің Германия канцлері Ангела Меркельдің телефонын ұзақ уақыт тыңдау жүргізгеніне байланысты жанжалдың өзі неге тұрады. Скрипалдарға дейін олар Ресейді әлдеқайда белсенді бақылауға тырыспады деп ойлау өте күлкілі.

Батыстың кейбір барлау қызметтері тіпті "орыстардың сөзіне құлақ асады". Мысалы, 2014 жылдың жазында голландиялық бұқаралық ақпарат құралдары Ресейдің мемлекеттік мекемелеріне шабуыл жасау жөніндегі әдеттегі операцияның бір бөлігі ретінде жергілікті AIVD арнайы қызметінің хакерлері Мәскеу университетінің желісіне кіріп, оны үнемі бақылап отырғаны туралы айтады. Соның арқасында Cozy Bear хакерлік желісін ашты деп қуана хабарлайды. Байқасаңыз, "ресейлік хакерлердің" айналасында ешқандай жанжал болған жоқ. Ал Голландияның ресми кибершпионы ресейлік желілерді бұзып үлгерді және олар бұл әрекеттерін мақтан көрді.

Очки и газеты - Sputnik Қазақстан
Жаңалыққа қарсы насихат: батыс БАҚ-ының позициясы қандай?
Сондай-ақ The Sunday Express газетінің хабарлауынша, "ГРУ хакерлері" Елизавета II-нің "Портон Даун" құпия зертханасына келуі туралы ақпарат алуға тырысқан. Алайда газет Путин "тыңшыларының" (оның Ұлыбританиядағы желісі қазірдің өзінде жойылып кеткен) мұндай күш-жігерді не үшін жасағанын және 94 жастағы патшайымның сапар кестесінен не білуге ​​болатындығын түсіндірмегені өкінішті. Ол зертханаға қандай көйлекпен келген? Немесе олар оған әзірлеп жатқан жасару эликсирінің рецептін табуға қатты үміттенген бе? Ал енді британдық баспасөз бұл жерде Ресейге қарсы негізсіз айыптауларға қатысты сұрақтарды мүлдем қозғамайды.

Батыстың арнайы қызметтері жалған ақпарат, кибершабуыл, тыңшылық пен тікелей диверсияны пайдаланып, Ресейге қарсы жасырын және өте лас соғыс жүргізіп келе жатқанын бәрі өте жақсы біледі және бұл соғыста ағылшындардың маңызды рөл ойнайтыны да түсінікті. Бірақ осы уақытқа дейін бұл науқанның тікелей қатысушылары бұл фактіні үнемі теріске шығарып, Ресейдің оларға тағып отырған айыптаулары "паранойя" (психикалық ауру) тудырды деп санайды.

Жаңалықтар
0