Көп жағдайда зардап шеккендер басқа адамдардың мазағынан немесе қудалауынан қорқып, кибербуллинг жайлы тіс жармайды. Сол себепті ата-аналар өз балаларының эмоционалды жағдайына назар аударуы тиіс.
Баланың кибербуллингтің құрбанына айналғанын қалай түсінуге болатынын инфографикадан біле аласыз.
Бұған дейін Қазақстан президенті жыл сайынғы жолдауында азаматтарды кибербуллингтен қорғау туралы заң қабылдау қажеттігін айтқан еді.
Сенаторлар интернет-парақшалар мен мессенджерлердің мониторингін күшейтіп, мектептер мен оқу мекемелерінде тәрбие сағатын өткізу қажет деп санайды.