Оқиға

Алматы облысында дәретхана қағазын шығаратын цехта жарылыс болды

© Photo : Департамент по чрезвычайным ситуациям Алматинской области Алматы облысында дәретхана қағазын шығаратын цехтағы жарылыс
Алматы облысында дәретхана қағазын шығаратын цехтағы жарылыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төтенше жағдай салдарынан бір жұмысшы көз жұмды, тағы біреуі түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында дәретхана қағазын шығаратын цехта қазандық жарылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Бейсенбі күні цехта қағаз кептіруге арналған қазандық жарылған. Төтенше жағдай салдарынан ішінара цехтың шатыры құлады, өрт болған жоқ. Цехтің аумағы – 200 шаршы метр, ал апат орнының аумағы 25 шаршы метрді құрады.

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД күштері мен техникасы жіберілді.

Тағы оқыңыз: Павлодарда ТЖД қызметкері газ баллонын үйден шығарып жатқанда жарылыс болды

ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, жарылыс салдарынан 1983 жылғы жұмысшы қаза болды. ТЖД қызметкерлері оны үйінді астынан алып шыққан. 1999 жылы туған тағы бір жұмысшы түрлі жарақатпен Ұйғыр ауданының орталық ауруханасына жатқызылды.

Жарылыстың алдын ала себебі – технологиялық өндірістің бұзылуы.

Жаңалықтар
0