Саясат

"Самұрық-Қазынаны" инвестициялық холдингке айналдыру тұжырымдамасы ұсынылды

© Официальный сайт Президента КазахстанаТокаев, Есимов и Бозумбаев
Токаев, Есимов и Бозумбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл портфельді активтерді география және салалар бойынша әртараптандыруға, халықаралық инвестициялардан түсетін табысты арттыруға, дивиденд есебінен бюджет түсімін көбейтуге мүмкіндік береді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Самұрық-Қазынаның" 9 айдағы жұмысының қорытындылары туралы есеп берілді.

Есімовтің айтуынша, есептік кезеңдегі таза табыс жоспарланған 167 миллиард теңгеден 2,6 есеге асып, 436 миллиард теңгеге жеткен. Биыл акционер – үкіметке 120 млрд теңге дивиденд төленді. Бұл 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 10 есе артық.

"Энергетикалық, мұнай-газ, уран, телекоммуникациялар, пошта және басқа да салалардағы компаниялар тобының барлық кәсіпорындарында үздіксіз жұмыс қамтамасыз етілді. Өндірістегі жұмыс орындары жаппай қысқартуға ұшырамай, персонал толық құрамда сақталды, қызметкерлерге еңбекақы уақытылы төленіп отыр", - деді Есімов.

"Самұрық-Қазына" басшысы қор сатып алулар жүйесі арқылы ел экономикасын қолдауға қатысты мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жөніндегі жұмысты жалғастырып жатқанын хабарлады. Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша қордың сатып алулар жүйесіндегі жергілікті өнім үлесі 66% құрады.

Бәсекелестік ортаға 819 миллиард теңгеге сатып алулар шығарылған. Бизнестің 17 000 субъектісі қордың сатып алуларына қатысуға мүмкіндік алды. 2020 жыл басынан бері компаниялар тобы 2,4 триллион теңгеге отандық бизнеспен шарттар жасасып, жергілікті кәсіпорындарға 12 мың тапсырыс берілген.

"Аталған кәсіпорындарда 280 мың адам жұмыс істейді. Есеп бойынша мемлекеттік бюджетке 170 миллиард теңге көлемінде салық төлемдері түсуі тиіс", - деді қор басшысы.

Сондай-ақ, президентке қорды инвестициялық холдингке айналдыру тұжырымдамасы ұсынылды.

Басқарма басшысы қорды инвестициялық холдингке айналдырудың артықшылықтары туралы айтты. Оның сөзінше, бұл портфельді активтерді география және салалар бойынша әртараптандыруға, халықаралық инвестициялардан түсетін табысты арттыруға, дивиденд есебінен бюджет түсімін көбейтуге мүмкіндік береді.

Жаңалықтар
0