Қоғам

Мәжіліс марқұм Щегельскийдің өкілеттігін тоқтатты

© Sputnik / Владислав ВодневПленарное заседание мажилиса
Пленарное заседание мажилиса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Щегельский VI шақырылымдағы мәжілістің депутаты болды. Төменгі палатаның экология және табиғатты пайдалану комитетін басқарды

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. Парламент мәжілісінің отырысында марқұм Глеб Щегельскийдің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысында Глеб Щегельскийдің өмірден өтуіне байланысты өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Глеб Щегельский 2020 жылдың 17 қазанында 51 жасында жүрек талмасынан қайтыс болған еді.

Щегельский VI шақырылымдағы мәжілістің депутаты болды. Төменгі палатаның экология және табиғатты пайдалану комитетін басқарған. Марқұмның артында төрт баласы қалды.

Бұған дейін депутаттар дүниеден өткен әріптесінің соңғы тілегін орындауға шешім қабылдағаны хабарланды. Глеб Щегельский өзінің соңғы депутаттық сауалында Ақтөбе облысындағы бес ауылға республикалық бюджеттің есебінен газ тартуды ұсынған болатын. Сол кезде оның ұсынысы қолдау таппады, үкімет жобаны қаржыландырудан бас тартқан. Алайда депутаттар әріптесінің мезгілсіз қазасынан кейін осы мәселені қайта көтеруге шешім қабылдады.

Жаңалықтар
0