Қоғам

Мүлдем жоғалып кетеді – COVID жұқтырған отбасы дерттің салдары туралы айтты

© REUTERS / STEPHANE MAHEВрач в защитном костюме общается с пациентом в больнице с коронавирусом
Врач в защитном костюме общается с пациентом в больнице с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавируспен ауырып шыққан кейбір адамдар сырқаттың біртүрлі салдарынан құтыла алмай жүргенін жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. Психолог Сергей Ланг отбасымен бірге коронавируспен ауырып шыққан. Sputnik радиосына сұқбат берген маман COVID-19 белгілерінен бөлек адамның қандай күйге түсетінін де айтып берді. 

"Қан қысымы жағынан проблема болған. Бас ауруы басылмады. Сосын темпуратура өзгеріп тұрды. Таңертең 37 градус болса, үш сағаттан кейін 36 градус, тағы үш сағат өткен соң, қайтадан 37,5-ке дейін көтерілетін. Бұл ауру әбден әбігерге салды. Ұйқысыз түндер өтті. Үрей сезімі кетпей қояды. Денең қатты ауырып, тұла бойың сынып жатады. Менің әйелім осындай халге түсті. Менікі жеңілдеу өтті. Ал ол қатты қиналды", – дейді Ланг.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде отбасы мүшелерінің бәрі коронавирустан жазылып шықса да, кей кезде аурудың біртүрлі салдары сезіліп отырады. 

"Коронавируспен ауырып шыққанымызға 3-4 ай өтсе де, денсаулықтың бұрынғыдай емес екені сезіледі. Бас ауруы жиілей түсті. Әйелімнің дәм сезуі өзгеріп кетті, ет жей алмай жүр. Одан сасыған иіс шығады дейді. Бүгінде коронавируспен ауырып шыққандардың сан алуан форумдары бар. Сол жерде жаңағы симптом туралы анда-санда жазып жатады. Бірақ ол сирек кездеседі. Адамның иіс сезу қабілеті бұзылады", – деп атап көрсетті психолог. 

Иіс сезуді қалпына келтіруге бола ма

Бүгінде коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастардың көбісі иіс сезу қабілетінің бұзылғанына шағымданады. Осы аурудан жазылып шықса да, кейбір адамдарда иіс рецепторлары қалпына келмей, мазасын кетіреді.

Сеченов университетінің құлақ, тамақ мен мұрын аурулары клиникасының жетекшісі Валерий Свистушкиннің айтуынша, кей кезде иіс сезу қабілетінің бұзылуы коронавирустың жалғыз симптомы.  

"Иіс сезу жасушаларын тағы бір жасушалар қоршап тұрады. Олар иіс сезу жасушаларының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Соңғы зерттеулерге сәйкес, дәл сол жасушалар бұзылады. Соның салдарынан иіс сезу жасушаларына зақым келеді", - дейді Свистушкин.

Дәрігердің сөзіне қарағанда, коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастардың 70-75 процентінде иіс сезу қабілеті бұзылады, тіпті, мүлдем жоғалып кетеді. Ондай науқастарда (5-10%) бұл қабілет жарты жылдың ішінде қалпына келген жоқ.

Жаңалықтар
0