Оқиға

Елорда тұрғыны тікелей эфирде өзіне қол жұмсамақ болды

CC0 / / Мужчина смотрит в окно, иллюстративное фото
Мужчина смотрит в окно, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Facebook қолданушысы полицияға қоңырау шалып, ер адамның тікелей эфирде өзіне қол жұмсағалы жатқанын айтқан

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтан полицейлері тікелей эфирде өзін өлтірмек болған ер адамды құтқарды, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға өткен жексенбіде, 25 қазан күні сағат 22.00 шамасында болған. Жедел басқару орталығына Facebook қолданушысы қоңырау соғып, қала орталығында белгісіз ер адам тікелей эфирде өзіне қол жұмсағалы жатқанын хабарлаған. Бейнебақылау операторлары ол адамды тез тауып алды: оқиға орнына патрульдік полиция экипажы жіберілді.

Екі баласын бөлмеге қамап қойған: Шымкент тұрғыны үйді жарып жібермек болды

Полицейлер ер адаммен сөйлескен кезде, ол әйелімен ажырасып, балаларын сағынғанын айтқан. Полицейлер суицидтің алдын алды.

34 жастағы елордалық Есіл аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Қатты күйзеліске түскен тұрғынмен психологтар жұмыс істеді.

Жаңалықтар
0