Журналистер өз құқығын қалай қорғауы тиіс

© Sputnik / Александр НатрускинМария Бутина, российский общественный деятель и публицист
Мария Бутина, российский общественный деятель и публицист - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Sputnik халықаралық ақпараттық агенттігі және радио SputnikPro білім беру жобасының онлайн-сессияларын жалғастыруда. Модульге қатысуға қазақстандық журналистер мен медиа сарапшылар шақырылады

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. АҚШ-қа қарсы қастандық жасады деп айыпталып, тура бір жыл бұрын Ресейге оралған ресейлік әлеуметтік белсенді Мария Бутина ресейлік және шетелдік журналистерге "Егер сіз журналист болсаңыз, өз құқығыңызды қалай қорғауыңыз қажет?" тақырыбында вебинар өткізеді. Вебинар 30 қазан, жұма күні Sputnik халықаралық жаңалықтар агенттігі мен радиосының SputnikPro жобасы аясында сағат 16:00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен) өтеді.

Мария Бутина шеберлік сабағында қатысушылар сауалдарына жауап береді. Модульге қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркелуге болады.

SputnikPro онлайн-маусымын наурыз айының ортасында ашты. Сессияларда коронавирустық пандемия контекстіндегі жұмыс ерекшеліктері, веб-сараптама мен авторлық құқық құралдарының көмегімен өзіңді және қолданушыны шатастырмауды, ақпараттың шынайылығын тексеру мен жаңалықтар ресурсына қолжетімділікті қамтамасыз етуді, сондай-ақ "жалған ақпараттардан" аулақ болып, жаңалықтар ресурстарындағы трафикке қол жеткізу мәселелері талқыланады. Қатысушылар чатта бір-біріне хабарламалар жібере отырып, бір мезетте пікір алмаса алады.

Оқи отырыңыз: SputnikPro вебинары: мамандар БАҚ-ты қалай ілгерілету керек екенін түсіндіреді

SputnikPro – Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосының журналистерге, жоғары оқу орындарының студенттеріне, баспасөз қызметінің өкілдері мен медиа менеджерлерге арналған, шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға және кәсіби байланыстарды дамытуға бағытталған жоба. Жоба модулінің жүргізушілері ретінде Sputnik бөлімшелерінің жетекшілері, сондай-ақ басқа да ресейлік танымал журналистер мен сарапшылар сөз сөйледі. 2018 жылдың наурыз айынан бастап SputnikPro Армениядан Үндістанға, Грекиядан Қытайға дейін 22 елде шеберлік сабағы мен семинарлар өткізді. Әлемнің 80 елінен барлығы 3000-нан астам тыңдаушы қатысты. Жоба жаңалықтарымен Facebook-тегі парақшасынан таныса аласыз.

Sputnik – ауқымды халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының бірі. Ол 33 тілдегі мультимедиялық интернет-сайттарды, әлемнің 90-нан астам қаласында және интернетте орыс, ағылшын, француз және басқа тілдердегі баламалы және цифрлық радиохабарларды біріктіреді. Sputnik-тің жаңалықтар таспасы тәулік бойы әлемдегі жетекші басылымдарға ағылшын, араб, испан, қытай және парсы тілдерінде ақпарат жеткізеді. Sputnik ақпарат ресурсының аудиториясы – айына 80 миллион, ал оның әлеуметтік желідегі тіркелушілерінің саны 20 миллионнан асады. Бішкектен Кишиневке және Пекиннен Монтевидеоға дейінгі әлемнің 24 редакциялық орталығында мыңнан астам ондаған ұлт өкілдері жұмыс істейді. Sputnik "Россия сегодня" медиатобына кіреді. Бас кеңсесі Мәскеу қаласында орналасқан.

Жаңалықтар
0