Қоғам

Парламент сайлауы: сайлаушылар тізіміне 11 миллион адам кірді

© Sputnik / Айгюзель КадирУрна с бюллетенями избирателей на выборах президента Казахстана - 2019
Урна с бюллетенями избирателей на выборах президента Казахстана - 2019 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әрбір сайлаушы сайлау тағайындалған кезден бастап жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Осы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша сайлаушылар тізіміне 11 миллион 820 мың 318 азамат кірген. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Осы жолғы науқанның сипатын ескеріп, ОСК жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп сайлаушылар реестрін өзектендірді. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде сайлаушылар тізіміне 2020 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 11 820 318 азамат кірді", - деді Петров ОСК отырысында.

Ол сайлаушылар тізімінің сапалырақ бола түскенін айтты.

"Бұрын дереккөздер әртүрлі болған кезде, кейбір азаматтар екі тізімге қатар ілініп, немесе ешқайсысына енбей қалатын. Қазір бұл олқылық жойылды деп санаймыз", - деді төраға орынбасары.

Айта кетсек, мәжіліс пен мәслихат сайлауы 2021 жылы 10 қаңтарда өтеді. Әрбір сайлаушы сайлау тағайындалған кезден бастап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы. Сайлаушылардың өтініші 2020 жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірілмей қабылданады.

Қазақстан халқы ассамблеясынан парламентке сайланатын депутаттардың сайлауы 11 қаңтарға белгіленді.

Оқи отырыңыз: Сайлау комиссиясында жұмыс істейтіндер қанша жалақы алады 

Мәжілістің қазіргі алтыншы шақырылымының өкілеттілік мерзімі 2021 жылдың 24 наурызында аяқталады.

Кандидаттарды ұсыну 10 қарашада басталып, 30 қараша сағат 18.00-ге дейін созылады.

Партия тізімдерін тіркеу мерзімі 10 қарашадан 10 желтоқсанға дейін.

9 қаңтар – тыныштық күні.

Жаңалықтар
0