Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда сауда орталықтары қашан демалыс күндері жұмыс істей бастайды

© AFP 2024 / SILVIO AVILAЧеловек в защитном костюме занимается санитарной обработкой в ТРЦ
Человек в защитном костюме занимается санитарной обработкой в ТРЦ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Демалыс күндері сауда және ойын-сауық орталығының жұмысын қалпына келтіру нысандардың барлық санитарлық норманы сақтауға дайындығына байланысты болады

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мен ірі сауда орталықтарының, базарлардың басшылары кездесу өткізді. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Қаланың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиеваның айтуынша, елордада індет жұқтырғандар көбейген. Оған шағын және орта бизнес өкілдері мен азаматтардың карантин тәртібін өрескел бұзуы себеп.

Екінші тоқсанда 1,2 миллион оқушы мектепке барып оқиды 

"Профилактикалық жұмыстарға қарамастан, кәсіпкерлік субъектілері карантин тәртібін жиі бұзады, бұқаралық іс-шаралар тоқтамай тұр, мекемелердің жұмыс кестесі сақталмаған. Сонымен қатар, қалада ауру саны артып келеді. Бұл дегеніміз, біз жасыл аймақтан алшақтаймыз. Мектеп жасындағы және бір жасқа дейінгі балалар да індетке шалдығып жатыр", - деді Жанна Пірәлиева.

Негізгі қауіпсіздік ережелері сақталмаса, COVID-19-дың екінші толқыны болуы мүмкін. ШОБ өкілдері мен қала тұрғындары санитарлық нормалардың сақталуына үлкен жауапкершілікпен қарауы керек.

"Әр аймақ өз деңгейінде шешім қабылдайды. Біз сондай-ақ бизнестің жұмыс істегенін қалаймыз, ол табыс және экономика екенін түсінеміз. Бірақ кәсіпкерлер өз тарапынан талаптарды орындауы керек. Кейбір сауда орталықтары маска тағу тәртібін сақтамайды және дене қызуын тексермейді. Қабылданып жатқан шараларға түсіністік танытуды сұраймыз", - деді Бақтияр Мәкен.

Жиын соңында сауда орталықтарының демалыс күндеріндегі жұмысын қайта қалпына келтіру қаладағы эпидемиологиялық жағдайға және ШОБ-тың санитарлық нормаларды сақтауына байланысты болатыны айтылды.

Демалыс күндері сауда және ойын-сауық орталығының жұмысын қалпына келтіру нысандардың барлық санитарлық норманы сақтауға дайындығына байланысты. 

Әкімдік әрбір азаматтың жауапкершілігі эпидемиологиялық жағдайға әсер ететінін мәлімдеп, елордалықтарды карантин шараларын қатаң сақтауға шақырды.

Жаңалықтар
0