Оқиға

Нұр-Сұлтан полицейлері құжатсыз көлік жүргізген мас қызды ұстады

© Sputnik / Руслан Кривобок / Медиабанкке өтуЖенщина за рулем, фото из архива
Женщина за рулем, фото из архива - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қыз шамамен бір жарым жыл бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері жүргізуші куәлігінсіз автокөлік рөліне отырған мас қызды ұстады, деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдікті Peugeot 206 көлігі таңертең ерте – таңғы алты шамасында  Сығанақ пен Ақмешіт көшелерінің қиылысында көзге түскен.

"Тексеру барысында 28 жастағы жүргізушінің мас екені анықталды. Қыз жүргізуші куәлігі мен құжаттары жоқ екенін мойындады", - делінген полиция хабарламасында.

Медициналық тексеріске сәйкес, жүргізуші жеңіл дәрежеде мас болған. Сонымен қатар, 2019 жылдың маусым айында елорда тұрғыны ішімдікке тойып алып көлік жүргізгені үшін үш жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.

Оқи отырыңыз: Павлодар облысында мас жүргізушіні ұстау операциясы видеоға түсіп қалды 

Заң бұзушы уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Күдіктіге қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.  

Жаңалықтар
0