НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 бен пневмониядан 6 адам көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Ведомствоның хабарлауынша, қайтыс болған бес адамда COVID-19 диагнозы расталды. Ал біреуі пневмониядан көз жұмды.
3 088 адам коронавирус инфекциясынан ем қабылдап жатыр, олардың 248-і бала.
Өткен тәулікте 142 адам коронавирус жұқтырғаны хабарланған болатын.
Пандемия басталғалы 110 684 адамда COVID-19 анықталды. 105 766 науқас жазылып шықты. Коронавирустан 1 830, пневмониядан 395 адам қайтыс болды.
Коронавирустық пневмония
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы тіркелді. Бір науқас қайтыс болды. 17 адам емделіп шықты.
1 тамыздан бастап 36 931 дертке шалдықты. 395 науқас көз жұмды, ал жазылып шыққандардың саны 28 548-ге жетті.