Қоғам

Екінші тоқсанда 1,2 миллион оқушы мектепке барып оқиды

© Sputnik / Владислав ВодневАнтисептик и отметки на партах в школьном классе для соблюдения социальной дистанции
Антисептик и отметки на партах в школьном классе для соблюдения социальной дистанции  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республикада барлығы 3,4 миллион оқушы бар, олардың басым бөлігі – 2,2 миллионы қашықтан оқуды жалғастырады

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Қазақстанда екінші тоқсанда мектепке барып оқитын оқушылардың саны артады, деп хабарлады білім және ғылым министрлігі.

Екінші тоқсанда екі формат бойынша білім алатын балалардың болжамды саны:

  • қашықтан оқыту форматында – 2,2 миллион;
  • дәстүрлі форматта – 1,2 миллион, оның ішінде:

- 800 мыңнан астам бала кезекші сыныптарда (1-5 сынып),

- шағын жинақты 4010 мектепте 434 мың оқушы,

-13 халықаралық мектепте 3 мыңға жуық бала (1-7 сынып) оқиды.

Қазіргі күні Қазақстанда 3,4 миллион бала білім алып жатыр: қашықтан оқыту форматында – 2,4 миллион; дәстүрлі форматта – 953 мың, оның ішінде 647 мың бала кезекші сыныптарға (1-4 сынып), шағын жинақты 3047 мектепке 306 мың оқушы барып жүр.

Еске сала кетейік, 26 қазанда премьер-министр Асқар Мамин коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысын өткізді. 

Оқи отырыңыз: Екінші тоқсаннан бастап қандай мектептер дәстүрлі форматқа көшеді? 

Комиссия бірқатар шешім қабылдады: атап айтқанда екінші тоқсаннан бастап оқушылар саны 300-ге жетпейтін қала және ауыл мектептері дәстүрлі форматқа көшірілетін болды. Ата-аналардың өтініші бойынша 1-ден 5-сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етілді.

Жаңалықтар
0