Қоғам

Биыл 11 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

© www.aktau-news.kzОралманы. Архивное фото
Оралманы. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
1991 жылдан бері елге 1 миллионнан астам этникалық қазақ оралды. Қандастардың жартысынан көбі еңбекке қабілетті

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. 2020 жылы 11 мыңға жуық этникалық қазақ тарихи отанына оралды. Оларға қандас мәртебесі берілді (бұған дейін оралман - Sputnik). Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

1 қазандағы жағдай бойынша 10,9 мың адам Қазақстанға оралды. Жалпы 1991 жылдан бері елге 1 миллион 68,3 мың этникалық қазақ оралды.

"Осы жылы Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі Қытайдан, 27,7%-і – Өзбекстаннан, 9,1% – Түрікменстаннан, 3,4% – Моңғолиядан және 2,9% басқа елдерден", - делінген хабарламада.

Келген этникалық қазақтар, негізінен, Алматы және Маңғыстау облыстарына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларына қоныстанды.

Қандастардың жартысынан көбі еңбекке қабілетті. 10,3%-і - зейнеткерлер.

Еске сала кетсек, енді этникалық қазақтар 1991 жылға дейін шет мемлекетте тұрғанын растамайды. Сондай-ақ, "оралман" сөзінің орнына қандас термині қолданылады.

Жаңалықтар
0