Өңірлер

Павлодарда барды полиция қоршауға алды – видео  

CC0 / Free-Photos / Алкоголь
Алкоголь - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түнгі уақытта жұмыс істеген ойын-сауық мекемесінің иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлейді

ПАВЛОДАР, 26 қазан – Sputnik. Павлодарда өткен жексенбіде бақылау тобы заңсыз жұмыс істеп жатқан ойын-сауық мекемесіне бір сағат бойы кіре алмады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Павлодар қаласының әкімдігі (@akimat.pavlodar)

"Tuda" бары рұқсат етілген жұмыс уақытынан кейін – түнгі сағат 23-те жұмыс істеген. Қалалық прокуратура, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, әкімдік және полиция қызметкерлерінен жасақталған бақылау тобының мүшелері бұл ойын-сауық мекемесіне бір сағаттан кейін ғана кірді. Ол үшін полицейлерге ғимаратты қоршауға алуға тура келді. Оның ішінде 153 адам болғаны анықталды.

Оқи отырыңыз: Маңғыстаулық әкім коронавирустың таралуына жол бергені үшін қызметінен алынды

"Материал жиналып, кінәлілерді Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы (халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың талаптарын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Павлодар қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберіледі", - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Бұл бап жеке тұлғаларға 30, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік немесе коммерциялық емес ұйымдар субъектілеріне 230, орта бизнес субъектілеріне 310, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1600 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды қарастырады (1 АЕК – 2778 теңге).  

Жаңалықтар
0