Спорт

Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі жекпе-жектен қанша ақша тапқаны белгілі болды

© Sputnik / Владислав ВодневКазахстанский боец смешанных единоборств, чемпион M-1 Global Шавкат Рахмонов
Казахстанский боец смешанных единоборств, чемпион M-1 Global Шавкат Рахмонов  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шавкат Рахмонов қылқындыру әдісін қолдану арқылы бірінші раундта-ақ тәжірибесі мол бразилиялық спортшыны берілуге мәжбүр етті

АЛМАТЫ, 26 қазан – Sputnik. Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі дебюттік жекпе-жегінде бразилиялық Алекс Оливейраны жеңгені үшін қанша қаражат тапқаны белгілі болды, деп хабарлады Sports.kz.

Шетелдік БАҚ ақпараты бойынша, Рахмоновтың гонорары 37 500 долларды (16 125 000 теңге) құрады.

Шавкат октагонға шығар алдында 10 000 доллар алды, жеңіске жеткен кезде дәл осындай қаражат берілген. Оған 3 500 долларды – UFC-дің промоутерлік бонусын қосыңыз. Ал қалған 14 000 долларды қарсыласы Оливейра беруге мәжбүр болды. Себебі салмақ өлшеу кезінде оның салмақ дәрежесі тиісті талапқа сәйкес келмеген.

Ал қазақстандық спортшының қарсыласы бразилиялық Алекс Оливейраның қорытынды гонорары 61 000 долларды (26 230 000 теңге) құрады. Бастапқыда ол 70 мың доллар алуы керек еді, алайда 14 мың долларды қазақстандық Рахмоновқа берді. Сондай-ақ, Алекс UFC-ден 5000 доллар көлемінде промоутерлік бонус алды.

Оқи отырыңыз: UFC-дегі Рахмоновтың жеңісі, Нурмагомедовтің мәлімдемесі

Айта кетейік, Абу-Дабидегі Яс аралында өткен UFC 254 турнирінде қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ол қылқындыру әдісін қолдану арқылы бірінші раундта-ақ тәжірибесі мол бразилиялық спортшыны берілуге мәжбүр етті.

Жаңалықтар
0