Аңдатпа

Қазақстанда 27 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневВоздушный шар в Нур-Султане
Воздушный шар в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 27 қазан мен 5 қараша аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

27 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

09.00 – Қазақстан үкіметінің отырысы. Отырыстың күн тәртібінде: елді мекендерді сумен жабдықтау, Жұмыспен қамту жол картасын іске асыру барысы, үкіметтің 2021 жылға арналған заң жобалау жұмыстары мәселелері. Үкімет отырысының тікелей трансляциясын PrimeMinister.kz сайтынан және әлеуметтік желілерден көріңіз.

12.30 – "2020 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша Салық және кедендік әкімшілендіру" онлайн-брифингі. Спикер: Қазақстан қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев. Трансляция: YouTube, Facebook.

28 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан

19.00 – "Мадам Баттерфляй" операсының премьерасы, "Астана Опера" театры (Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 95 94).

29 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19.00 – "Дикарь. Третье слово" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан көшесі 11-13).

31 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан

18.00 – ХХ ғасырдың әйгілі хореографы Ролан Петидің Лео Делибес әуенімен сахналаған "Коппелия" комедиялық балеті. Либретто Эрнст Гофманның шебер Коппелиус жасаған механикалық қуыршаққа ғашық болған жас жігіт туралы "Песка" әңгімесінің негізінде жазылған ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 95 94).

5 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

12.00 – Эрнст Гофманның ертегісі бойынша "Щелкунчик" балеті, "Астана Опера" театры (Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 95 94).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0