НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Түнде Абу-Дабидегі Яс аралында UFC 254 турнирі өтіп, онда қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов алғашқы жеңісіне қолжеткізді. Сондай-ақ, аралас жекпе-жектің миллиондаған жанкүйері Хабиб Нурмагомедовтің мансабындағы соңғы жеңісіне куә болды.
UFC-дегі алғашқы жеңіс
Бразилиялық спортшы Алекс Оливейраның осы кезге дейінгі тәжірибесі мол болғанымен, Рахмоновтың UFC дебютті кездесуінде өзінің мықтылығын көрсете алмады. Дегенмен, Шавкаттың қарсыласы одан қатты қорқып, жекпе-жектің алғашқы секундтарынан бастап бастаманы өз қолына алуға тырыспады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Алдымен қос спортшы аса сақтықпен қимылдап, бір-бірін барлауда бразилиялық түрлі соққыларымен Рахмоновтың иегін алуға тырысты. Солай десек те, Оливейра белсенді қимылдай алмады. Мұны сезген Шавкат қарсыласына шабуыл жасап, қылқындыру әдісі арқылы жеңіске жетті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Осылайша, Рахмонов кәсіби мансабында 13 және бүкіл әлемге әйгілі UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Нурмагомедов жеңіске жетіп, мәлімдеме жасады
Бұл кеште Рахмоновтың жекпе-жегінен кейін көрермендер тағы бірнеше жекпе-жекті тамашалады. Олардың әрқайсысы өте керемет өтті десек те, ең басты шайқас – Хабиб Нурмагомедов пен Джастин Гаджидің жекпе-жегі ерекше болды.
"Дағыстандық бүркіттің" чемпиондық белбеуін кезекті қорғауы сәтті аяқталды. Шайқастың алғашқы секундтарынан бастап америкалық спортшы белсенді болды. Ол сегізбұрыштың ортасын иемденіп, Хабибке қысым жасағанымен, Гетжидің бұл әрекеті ұзаққа созылмады.
Осылайша, бірінші раунд қарсыластардың алма кезек соққы жасап, аса сақ қимылдауымен өтті.
Ал екінші раундты Хабиб өте қарқынды бастады. Қарсыласына "үшбұрыш" әдісін қолданып, Гэтжиді берілуге мәжбүрледі.
Жеңіл салмақта UFC ұйымының чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов америкалық Джастин Гэтжиді жеңгеннен кейін карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді.
"Бүгін мен соңғы жекпе-жегімді өткізгенімді мәлімдеймін. Менің ендігі қалайтыным – салмақ дәрежесіне қарамай жасалатын рейтингтің бірінші орнына шығу. Мен бұған лайықтымын деп ойлаймын. 29-0. Бір рет жеңілген жоқпын. Ұйымның басшыларына алыс айтқым келеді. Барлықтарыңызға рақмет", – деді Хабиб жекпе-жектен кейін.
Жекпе-жектен кейінгі мәлімдемесінде Нурмагомедов бұдан былай анасына көбірек уақыт бөлетінін айтты. Сондай-ақ, ол өз жанкүйерлеріне ата-анасына жақын болуға кеңес берді.