Қоғам

ҰҚК ұшақты "террористерден" босату операциясын көрсетті – видео

© Photo : Пресс-служба Комитета национальной безопасности Казахстана Оперативно-тактическое учение "Спрут-2020" провели сотрудники КНБ
Оперативно-тактическое учение Спрут-2020 провели сотрудники КНБ  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Шара барысында жағдайды бағалаудың бірыңғай тәсілін және террористік қауіп-қатерді жоюға бағытталған тиімді шаралар жүйесін әзірлеу мәселесі пысықталды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. ҰҚК бөлімшелері Алматы қаласы мен Алматы облысында  "Спрут-2020" жедел-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді. Олар ұшақты террористер басып алған жағдайда арнайы мақсаттағы жасақ не істейтінін көрсетті. 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұсынған роликте снайперлер жұмысы мен ұшақта "кепілге алынған" адамдар қалай босатылатыны көрсетілген. Сондай-ақ, "спецназды" тікұшақтан десаттау, ғимараттарды "лаңкестерден" босату тәсілдерімен танысуға болады.

"Оқу-жаттығудың мақсаты - терроризмге қарсы іс-шараларды өткізу және төтенше жағдайларға, мемлекеттік шекараны жаппай заңсыз кесіп өтуге жол бермеу. Бастысы, комитет бөлімшелерінің өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру", - деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар шара барысында жағдайды бағалаудың бірыңғай тәсілін және террористік қауіп-қатерді жоюға бағытталған тиімді шаралар жүйесін әзірлеу мәселесі пысықталды.

Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша бөлімшелер қойылған міндеттерді сәтті орындап, ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығы тарапынан жоғары баға алған.

Жаңалықтар
0