Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда карантин күшейтіле ме – әкім астаналықтарға үндеу жасады

© Sputnik / Владислав ВодневАлтай Кульгинов
Алтай Кульгинов  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қала басшысының айтуынша, Сovid-19 індетінің алғашқы толқыны кезіндегідей ауруды ушықтырып алмау аса маңызды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан — Sputnik. Елордада соңғы күндері Covid-19 ауруының өсімі байқалады, динамика тұрақсыз, деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.

"Қосымша карантиндік шаралар мен шектеулерді енгізу қаланың қай "аймақта" орналасқанына байланысты. Қазір елорда "жасыл аймақта", бірақ соңғы күндері Covid-19 ауруының өсімі байқалады. Егер 19 қазанда 13 жағдай тіркелсе, 20 қазанда 29, ал 21 қазанда 15 жағдай тіркелді. Динамика тұрақсыз", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Қала басшысының айтуынша, біріншіден, Сovid-19 індетінің алғашқы толқыны кезіндегідей ауруды ушықтырып алмау аса маңызды. Егер науқас коронавирусты бір рет жеңсе, бұл оның қауіпсіздікте екенін білдірмейді. Ғалымдар әлі күнге дейін коронавирустың қандай зардабы бар екенін анықтап жатыр.

"Екіншіден, біз кейбір дәмхана, мейрамхана мен басқа да нысандардың карантинді бұзып, коронавирустың бейберекет таралуына жағдай жасап жатқанын көріп отырмыз. Осыған байланысты біз рейдтер өткізуді күшейттік, - деді Көлгінов.

Үшіншіден, төсек орындар қажет болған жағдайда, мыңдаған орынды дайындай аламыз, дегенмен бәріне бір уақытта дәрігер жетпейді, деп отыр әкім.

"Ең әлсіз топ - егде жастағы адамдар, біз оларды қорғауымыз керек. Инфекциямен күресу үшін медициналық мекемелерді қажетті құрал-жабдықпен, дәрі-дәрмекпен, қорғаныш заттарымен қамтамасыз еттік. Соңғы уақытта қосымша 50-ден астам өкпені жасанды желдету аппаратын, 2 компьютерлік томография, өкпенің қанша процентке зақымданғанын көрсететін 7 цифрлық рентгенография жүйесін сатып алдық", - деп жазды Көлгінов.

Оның айтуынша, Еуропа елдеріндегі ірі қалалар карантинді күшейіп жатыр. Бірінші толқыннан сабақ алуымыз керек, деп түйіндеді әкім.

Жаңалықтар
0