Өңірлер

Шығыс Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шығыс Қазақстан облысының полициясы жыл басынан бері түрлі қылмыс жасағаны үшін Ресейдің құқық қорғау органдары іздестіріп жүрген 18 қылмыскерді анықтады

АЛМАТЫ, 21 қазан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында сегіз айдан бері халықарылық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды.

Ер адам ұзақ уақыт бойы Ресейдің құқық қорғау органдарынан жасырынған. ТМД елдері арасындағы шекара маңы ынтымақтастығын іске асыру жоспары аясында ШҚО полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері қылмыскерді анықтады, деп хабарлады Polisia.kz.

"Ер адам құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзған. Соның кесірінінен бірнеше адам қайтыс болған. Соған байланысты мемлекетаралық іздеу жарияланды. Қазір Ресей Федерациясындағы әріптестерімізге күдіктінің қай жерде екені хабарланды", – деді ШҚО полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысының полициясы жыл басынан бері түрлі қылмыс жасағаны үшін Ресейдің құқық қорғау органдары іздестіріп жүрген 18 қылмыскерді анықтады.

Жаңалықтар
0