НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан - Sputnik. Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне сәйкес, 2020 жылдың қазан айындағы жағдай бойынша Қазақстанда алты саяси партия тіркелген. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға әділет министрлігі хабарлады.
Саяси партиялардың тізімі
- Nur Otan партиясы
- Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы
- Қазақстан халықтық коммунистік партиясы
- "Ауыл" ұлттық-демократиялық партиясы
- "Бiрлік" саяси партиясы
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП)
Қазіргі таңда Қазақстан парламентінде саяси партиялардың үш фракциясы бар: "Нұр Отан", "Халықтық коммунистер" және "Ақ жол".
2021 жылы мәжіліс сайлауы өтеді
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жарлығымен парламент мәжілісі депутаттарының сайлауын 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіледі.
Қазақстанда парламент екі палаталы, ол мәжілістен - төменгі палатадан және сенаттан - жоғарғы палатадан тұрады.
© SputnikМәжіліс сайлауының тарихы
Мәжіліс сайлауының тарихы
© Sputnik