Қоғам

Дәрігерлерге өтемақы төлеу тәртібі өзгерді – министрлік түсініктеме берді 

© AFP 2024 / OSCAR DEL POZOВрачи в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом
Врачи в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Вице-министр қазіргі кезде медицина қызметкерлерінің коронавирус инфекциясын жұқтыруына жол беруге болмайтынын айтты. Себебі барлық жағдай жасалған

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан – Sputnik. Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов коронавирус пен ковидтік пневмонияға шалдыққан және одан қайтыс болған дәрігерлерге бір реттік өтемақы төлеудің жаңа тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жұмыста ауруға шалдығу жағдайы болса, қолдау шаралары медициналық ұйым немесе кәсіподақ ұйымы, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар есебінен жасалады. Бұның бәрі медициналық ұйымдардың басшылары үшін өз қызметкерлерін қажетті қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету және санитарлық ережелерді сақтау жағынан қосымша мотивация болады", - деді Шоранов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. 

Оның айтуынша, қазіргі кезде медицина қызметкерлерінің коронавирустық инфекциясын жұқтыруына жол беруге болмайды. Себебі барлық жағдай жасалған. 

"Енді, мұндай жағдайлар аурухананың ішіндегі инфекция болып саналады", - деп атап көрсетті Шоранов.

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі бір реттік өтемақының екі түрін бекіткен болатын. Олар:

  • коронавирус инфекциясын немесе вирустық пневмония жұқтырған медицина қызметкерлеріне – 2 миллион теңге;
  • коронавирус инфекциясынан немесе вирустық пневмониямен ауырып қайтыс болған жағдайда туыстарына – 10 миллион теңге төленеді.

20 қазанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия коронавирус пен ковидтік пневмонияға шалдыққан және одан қайтыс болған дәрігерлерге өтемақы төлеуді тоқтатты. Осы уақытқа дейін қабылданған барлық өтініш бойынша бір реттік өтемақы төленеді. Одан кейін тоқтатылады. Ал коронавирусты жұқтыру қаупі үшін жалақыға қосылатын үстемақылары төлене береді.   

Жаңалықтар
0