Қазіргі Қазақстан тарихында парламент мәжілісіне сайлау алты рет - 1995, 1999, 2004, 2007, 2012 және 2016 жылдары өтті.
Олардың ішінде мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы үш рет – 2007, 2012 және 2016 жылдары (мәжілістің үшінші, төртінші және бесінші шақырылымы) өткізілді.
Қазақстан Конституциясына сәйкес, мәжіліс 107 депутаттан тұрады. Тоғыз депутат Қазақстан халқы ассамблеясынан сайланады. Қалған 98 депутат бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізім негізінде сайланады. Яғни, сайлаушылар өз дауысын саяси партияларға береді, ал олар өз кезегінде кандидат тізімін қалыптастырып, оны орталық сайлау комиссиясына ұсынады. Партиялар мәжіліске өтуі үшін 7 проценттік межені еңсеруі қажет. Мәжілістегі орындар партияның сайлаушылардың қанша процент дауысына ие болғанына байланысты бөлінеді.
Мәжілістің қазіргі алтыншы шақырылымының өкілеттілік мерзімі 2021 жылдың 24 наурызында аяқталады.
Қазақстан президентінің жарлығымен кезекті мәжіліс сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленді.