Өңірлер

Түркістан облысында сотты болған экс-әкімнің тағы бір заңсыз әрекеті әшкере болды

© Photo : Скриншот "Первого канала Евразия"Огороженный кордон в Туркестанской области поставил бывший аким
Огороженный кордон в Туркестанской области поставил бывший аким - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған бұрынғы әкім мен оның туыстары мемлекеттік табиғи саябаққа тиесілі жерді заңсыз сатып алды деген күдікке ілінді

АЛМАТЫ, 20 қазан – Sputnik. Түркістан облысында сыбайлас жемқорлық үшін сотталған экс-шенеуніктің 150 гектар жерді қалай жеке меншігіне айналдырып алғаны анықталып жатыр, деп хабарлады "Еуразия бірінші арнасы".

760 гектар жерді күзететін Мырзахан Атаханов – "Сырдария-Түркістан" мемлекеттік табиғи паркінің инспекторы. Ол бұл аймақта жеке меншік жердің де бар екенін айтты. Сонымен қатар оларды жақында қоршап та алған.

"Жақында жердің саябаққа кіретіні, ерекше қорғалатын аймаққа жататыны белгілі болды. Мұны тек екі апта бұрын білдік. Алайда бізді ол жаққа кіргізбей отыр, жеке аймақ, бәрі жабық. Ал біз мұнараға көтеріліп, бәрін бақылап отыруымыз керек", – дейді ол.

Мемлекеттік инспектордың айтуынша, бұл жерде өсімдіктің мың түрі өседі, оның ішінде 40 түрі Қызыл кітапқа енген. Сол себепті бұл жерде ешкім өз еркімен ештеңе тұрғыза алмайды.

Инспекторларға арналған кордон мен өрт мұнарасы 10 жыл бұрын аудан әкімі Бейбіт Сыздықов болып тұрған кезде салынған. Бірақ кейінірек бұл аймақ әкім туыстарының меншігіне айналды.

Осыған байланысты құқық қорғаушы Еркін Қахаров наразылық танытып, полицияға жүгінді. Нәтижесінде паркке тиесілі 150 гектар жер жеке меншікке айналып кеткені анықталды. Оның ішінде кордон мен өрт мұнарасы да бар. Ол тергеу нәтижесі жайлы кейінірек айтып беретінін мәлімдеді.

Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған Отырар ауданының бұрынғы әкімі жерді мемлекетке қайтаруға дайын екенін білдірді.

"2009-2013 жылдары су тасқыны болды. Содан кейін олар кордон салғысы келді. Маған Асқаров келді. Ол сол кезде орман шаруашылығы комитетінде жұмыс істеген болатын. Менің жерімнің биікте екенін айтып, мұнара салуға рұқсат сұрады. Содан кейін жер бөлдім. Енді 10 жыл өткен соң осы мәселені көтеріп жатыр. Неге бұл инспекторлар осы уақытқа дейін үнсіз жүрген?", – деп мәлімдеді Сыздықов.

Оқи отырыңыз: "Мұны есептеуге білімнің де керегі жоқ": Ордабасы мақташылары жанайқайын жеткізді

Ең қызығы, ол аудан әкімі бола тұра бұл аймақтан жер сатып алуға болмайтынын білмеген. Ал табиғи саябақтың заңды өкілдері жерді қайтаруын талап етіп, сотқа жүгінгелі жатыр.

Жаңалықтар
0