Қоғам

Алматыда карантин күшейтіле ме – бас санитар дәрігердің жауабы

© Sputnik / Абзал КалиевЖандарбек Бекшин
Жандарбек Бекшин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаланың бас санитар дәрігері топтасып жиналмауға, отбасылық іс-шара өткізбеуге шақырып, тұрғындарға шетелге шықпауға кеңес берді

АЛМАТЫ, 16 қазан – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада карантиннің күшейтілуіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Айтуынша, егер тұрғындар медициналық масканы тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтайтын болса, адам көп жиналатын жерге бармаса, карантин күшейтілмейді.

"Қалада коронавирустың таралуына жол бермеу үшін шаралар қабылданып жатыр. Ең қауіпті нысан – жабық мекемелер, оның ішінде түнгі клуб, бильярд, караоке секілді жерлер. Оларға әлі де тыйым салынған. Барлығы қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады", – деді Бекшин.

Қаланың бас санитар дәрігері локдаун енгізілмеуі үшін қала басшылығы тексеру жүргізіп, халықты ақпараттандырумен айналысып жатқанын айтты.

"Жастарға түнгі клуб, мейрамханаға бармауға кеңес беремін. Ал мейрамхана иелері залдың 30%-нен артық адамды қабылдауға болмайтынын ескеруі қажет. Егер санитарлық талаптарды сақтайтын болсақ, локдаун мен төтенше жағдайды айналып өте аламыз", – деді ол.

Сонымен қатар қаланың бас санитар дәрігері топтасып жиналмауға, отбасылық іс-шара өткізбеуге шақырды, тұрғындарға шетелге шықпауға кеңес берді.

"Инфекция жұқтырған азаматтарымыздың басым бөлігі Түркия, БАӘ мен Мысырдан келіп жатқаны байқалады. Қазір Ресейде, Түркияда жағдайдың қаншалықты күрделене түскенін көріп отырмыз", – деді ол.

Оқи отырыңыз: Қазақстандағы карантин: комиссия жаңа шешімді жариялады

Айта кетейік, шетелден келген азаматтардың қолында анықтама болмаса, коронавирустың бар-жоғы анықталғанша екі күн карантинге жатқызылады.

Жаңалықтар
0