Қоғам

Қазақстан 2021 жылы сәуірде өтетін жаппай диктантқа қатысады

© Photo : РЦНКТотальный диктант в РЦНК
Тотальный диктант в РЦНК - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2020 жылғы жаппай диктант қазанға ауыстырылған еді, оны Қазақстанда 285 адам жазды

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан - Sputnik. Қазақстан сәуірдегі жаппай диктантқа қатысады, деп мәлімдеді Нұр-Сұлтандағы "Жаппай диктант" акциясының үйлестірушісі Лаура Ілиясова.

"Сәуірде (2021) бізде қайтадан орыс тілінде жаппай диктант болады және оған жаңа платформалар - Назарбаев Зияткерлік мектебі (НЗМ), "Голубой Парус" гимназия-мектебі және бірнеше университет қосылады", - деді Лаура Ильясова Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында өткен брифингте.

2020 жылы 4 сәуірде диктант жазу жоспарланған болатын, бірақ коронавирусқа байланысты дәстүрлі сауаттылық эстафетасы күзге - 17 қазанға ауыстырылды.

"Біздің жобаға 286 адам қатысты. Ол республикалық физика-математика мектебінде, Sputnik Қазақстан баспасөз орталығында, ресейлік ғылым және мәдениет орталығында, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалында, №30 мектеп-гимназияда өтті", - деп атап өтті Ілиясова.

Ол жыл сайын жобаның ауқымы кеңейіп, айрықша қызығушылыққа ие болады деп есептейді.

"Бізді азаматтардың сауалдары, қоңыраулары мен хаттары ынталандырады. Адамдар бұл күнді асыға күтуде", - деді жобаның Қазақстандағы үйлестірушісі.

"Жаппай диктант-2020"-ның авторы – Андрей Геласимов. Мәтін орыстың теориялық ғарыш саласының негізін салушы Константин Циолковскийге және оның өмірінің көпшілікке беймәлім тұстарына арналды.

Жаппай диктант дегеніміз не?

Жаппай диктант – ерікті түрде диктант жазу түріндегі жыл сайынғы акция.

Бұл белсенділер мен еріктілердің күшімен жүзеге асатын қоғамдық жоба. Акцияның ұйымдастырушысы - "Жаппай диктант" қоры (Новосібір).

Жыл сайын диктанттың ерекше мәтінін белгілі жазушы акция үшін арнайы әзірлейді. Диктанттың авторлары әр уақытта Павел Басинский, Андрей Усачев, Евгений Водолазкин, Алексей Иванов, Дина Рубина, Дмитрий Быков болды.

Жаппай диктантқа кез-келген ниет білдіруші адам жасына, жынысына, біліміне, дініне, мамандығына, отбасылық жағдайына, қызығушылығы мен саяси көзқарасына қарамастан қатыса алады.

2019 жылы жаппай диктант әлемнің 81 елінде өтті, оны 1200 қалада 236 мыңнан астам қатысушы жазды.

Жаңалықтар
0