Оқиға

Қызының ағасы болып шықты: полиция дизайнердің өліміне қатысты түсініктеме берді

© Sputnik / Алексей Вовк / Медиабанкке өтуСотрудник правоохранительных органов снимает наручники, архивное фото
Сотрудник правоохранительных органов снимает наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Қазіргі кезде күдікті қамауға алынды. Оның кінәсі дәлелденсе, 8-15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан – Sputnik. Алматы полициясы танымал қазақстандық дизайнер Сәбит Сыраханның (Bisen) өліміне қатысты бар деген күдікпен ер адамды ұстады.

Ресми мәліметке сәйкес, 18 қазанда түнгі сағат 02:00-ге қарай полицияға екі ер адамның арасындағы төбелес туралы хабарлама түскен.

"102" пультіне қоңырау шалған адам даладағы төбелесті өзі тұратын пәтердің терезесінен көрген. Бас кезінде екі ер адам үйдің ауласында ұрсысып тұрған. Одан кейін төбелесе бастады. Сол кезде біреуі жерге сылқ ете түсті. Ал екіншісі қашып кеткен", - дейді қалалық полиция депаратментінің қызметкерлері.

Оқиға орнына барған жедел жәрдемнің мамандары жерде жатқан ер адамға көмек көрсетуге тырысқан. Бірақ ол қайтыс болды.

"Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 1991 жылы туған ер адам бірден ұсталды. Ол көз жұмған жігіт кездесіп жүрген қыздың туған ағасы болып шықты. Күдікті адам өлтіргенін мойындады. Оны жақтырмай жүргеннен кейін соққыға жыққанын да айтты", - деп хабарлады құқық қорғаушылар. 

Қазіргі кезде күдікті қамауға алынды. Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Оның кінәсі дәлелденсе, 8-15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, 18 қазанда белгілі streetwear-бренд дизайнері Сәбит Сырахан (Bisen) қайтыс болды. Ол жайында оның достары әлеуметтік желіде хабарлаған еді.

Жаңалықтар
0