Қоғам

"Борат-2": министр қандай шара қолға алынатынын айтты

© Photo : Официальный постер фильма "Борат-2"Официальный постер фильма "Борат-2"
Официальный постер фильма Борат-2 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Райымқұлова фильмді елімізде прокатқа шығару жөнінде ресми түрде өтініш түссе, оны жан-жақты қарастыратынын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан – Sputnik. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова "Борат-2" фильмінің шығуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Екінші фильмнің шыққанын бәрі біледі. Оны елемей жүре алмаймыз. Меніңше, олар шығармашылық адам ретінде өз болымысын көрсете алады. Алайда ондай әрекет адамның ар-намысына, белгілі бір мемлекеттің атақ-абыройына нұқсан келтірмеуі тиіс", – деді Райымқұлова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Осы орайда министр өзі басқарып отырған мемлекеттік органның қай кезде шара қолдана алатынын түсіндірді.

"Фильмді Қазақстанда прокатқа шығару кәуілігіне өтініш берілгенде министрлік тиісті шара қолданып, қарсылық білдіре алады. Әзірше, ешқандай ресми өтініштер түспеді. Сондықтан мәдениет және спорт министрлігі шара қолданып жатқан жоқ. Бірақ Қазақстан азаматы ретінде айтарым, ол фильм менің намысыма да тиеді", – деп атап көрсетті Райымқұлова.

Оқи отырыңыз: Қазақстанды бүкіл әлемге "паш еткен" Борат Астанаға келуі мүмкін

Министрдің ойынша, әлем бойынша көзі ашық әрі ақпаратты дұрыс қабылдай алатын адамдар аз емес. Олар жаңа фильмнің ойдан шығарылғанын жақсы түсінеді.

"Заңда фильмді өз елімізде прокатқа шығармаудың бірнеше тармағы көрсетілген. Әзірше, біз фильмнің мазмұнын толығымен білмейміз. Сондықтан ресми түрде өтініш түссе, оны жан-жақты қарастырамыз", – деп атап көрсетті Райымқұлова.

Жаңалықтар
0