Қоғам

"Сотқа жүгіну керек": сарапшы телефон арқылы ақша аударатындарға кеңес берді

© Sputnik / Владислав ВодневМобильный телефон в руке, архивное фото
Мобильный телефон в руке, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Қателескен адам банкке хат жазуы тиіс. Ал банк бұл мәліметті ақша аударылған есепшот иесіне жолдайды

НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан — Sputnik. Телефон арқылы ақша аударған кезде нөмірді қате теріп қойсаңыз, ақшаны қайтару оңай болмайды. Бұл үшін банк қызметкерлерінің, тіпті, құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінуге тура келеді. Ал сіз ақша жіберген телефон нөмірі тіркелген банк банкрот болса, қаражатты қайтара алмауыңыз әбден мүмкін. 

"Жеке тұлғалар арасында ақша аудару жүйесінің қаупі бар. Өйткені аударым тез жасалады, сондықтан нөмір қате терілген болса, қайтару қиын", - деп жазады "Прайм" заңгерлік компанияның бас директоры Алексей Петропольскийге сілтеме жасап.

Қателескен адам банкке хат жазуы тиіс. Ал банк бұл мәліметті ақша аударылған есепшот иесіне жолдайды.

"Егер адам ақшаны қайтарудан бас тартса, құқық қорғау органдарына немесе сотқа жүгіну керек", - дейді заңгер.

Бұдан бөлек, алаяқтардың бар екенін де ұмытпаған жөн. Өйткені телефон нөмірін бір адамнан екінші адамға ауыстыруға болады. Кейін нөмірге бекітілген банк шотының реквизитін де өзгертіп алады. Осылайша сіз жіберген ақша мүлдем басқа адамның шотына түседі.

Мұндай жағдайда қылмыстық іс қозғалмай, мәселе шешілмейді.

Жаңалықтар
0