НҰР-СҰЛТАН, 16 қазан - Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пралиева карантинді күшейтуге қатысты қаулы шығарды.
Ол адамдар көп болатын уақыттарда автобус санын ұлғайып, қоғамдық көлікте барлық есікті ашуды тапсырды. Жексенбіде автобустар жүрмейді, жұмыс күндері таңғы 6.00-ден 23.00-ге дейін қатынайды.
Елорданың бас санитар дәрігері 65 жастан асқан тұрғындарға кітапхана, театр және музейлерге баруға тыйым салды.
Театрларға спектакльдерге баратындар саны бір уақытта 50 адамнан аспауы тиіс.
Сондай-ақ, астанада спорттық, адам көп жиналатын шаралар, той мен митинг ұйымдастыруға болмайды.
Қаулы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.