Қоғам

Алматыда мәйітхана директорын ұстаған сәттің видеосы жарияланды

© AFP 2024 / Sebastian Kahnert / POOLАрест, наручники
Арест, наручники - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәйітхана директоры кәсіпкерден 14 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін айыпталып отыр, ол екі айға қамауға алынды

НҰР-СҰЛТАН, 16 қазан – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматыдағы мәйітхана директорын ұстау операциясының видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Видеодан мәйітхана директорын екі адамның ұстап тұрғанын көруге болады. Осыдан кейін ұсталған адам күрткенің ішкі қалтасынан бір пакет ақша шығарып, жерге тастайды. Екінші қалтасынан тура сондай тағы бір бума ақша шыққан.  

Ресми ақпаратқа сәйкес, Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Қалалық патологоанатомиялық бюро" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның директорын ұстады.

"Ол салынып жатқан қалалық паталогоанатомиялық бюроға медициналық жабдықтарды жеткізу бойынша қабылдау актілеріне қол қойғаны үшін кәсіпкерден 14 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін айыпталып отыр. Күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", - дейді тергеушілер.

Айта кетейік, 14 қазанда қалалық прокуратура мәйітхана директорының ұсталғаны туралы хабарлаған болатын. Сол кезде оны уақытша ұстау изоляторына қамаған.

Бұған дейін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жаңа бюро тамыз айының соңында пайдалануға тапсырылатынын айтқан болатын. Оның мәліметіне сәйкес, 1 689 қызметкер кадрлық резервте тұр.

Жаңалықтар
0