Қоғам

Республикалық ветеринарлық зертхана қызметінің бастығы ұсталды – видео

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуАрхивное фото людей в наручниках в клетке для подсудимых
Архивное фото людей в наручниках в клетке для подсудимых - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Республикалық ветеринарлық зертхана қызметі бастығының ұсталу себебі әлі белгісіз. Болжам бойынша жемқорлықпен байланысты болуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты республикалық ветеринарлық қызметтің басшысы Нұрлан Сбанов ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Интернетте қаржы мониторингі комитетінің ғимаратына кісенделген күйде ветеринарлық зертхана қызметінің басшысына ұқсас адамды алып келе жатқан сәт түсірілген видео пайда болды. 

Ақпарат көзі Sputnik Қазақстанға Нұрлан Сбановтың ұсталғанын растады.

Кейбір ақпарат құралдарының хабарлауынша, Сбанов бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.

Айта кетейік, Нұрлан Сбанов 2019 жылдың қазан айында республикалық ветеринарлық зертхана қызметінің бас директоры болып тағайындалды. Бұған дейін ол бас директордың өндірістік қызмет жөніндегі орынбасары лауазымын атқарған. Еңбек жолын республикалық ветеринарлық зертхана қызметінде экономика бөлімінің маманы ретінде бастады.

Ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтардың депозитінен миллиондап ақша ұрлаған банк қызметкері ұсталды

Жаңалықтар
0