Оқиға

Алматыда әйелді зорлап, видеоға түсірді: оқиғаға қатысты ресми түсініктеме

© Sputnik / Абзал КалиевДомашнее насилие, драка, иллюстративное фото
Домашнее насилие, драка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаланың бас полицейі сараптама қорытындысы шыққан соң Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша іс қозғалуы мүмкін екенін айтты

АЛМАТЫ, 15 қазан — Sputnik. Алматы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов  әлеуметтік желіде жарияланған жазбаға қатысты түсініктеме берді.

Оның айтуынша, #НеМолчи қорының жетекшісі Дина Таңсәрі (Смайылова) жазған оқиғаға байланысты айғақ жинау жалғасып жатыр. 

"Қылмыс жасаған соң келесі күні күдікті уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Қазіргі уақытта сот санкциясымен қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді Таймерденов брифингте. 

Сондай-ақ, ол сараптама қорытындысы шыққан соң Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша іс қозғалуы мүмкін екенін жеткізді. 

"Оқиғаны видеоға түсірген әйел неге бостандықта жүр" деген сауалға Алматының бас полицейі "ол әзірге куәгер" деп жауап берді. Оның бұл мәртебесі тергеу кезінде өзгеруі мүмкін.

"Біз ешкімді қылмыстық жауапкершіліктен қорғап отырған жоқпыз. Ресми түрде мәлімдеймін. Егер әйелдің кінәлі екеніне нақты дәлелдер болса, дәл сол күні шешім қабылдар едік", - деді Қанат Таймерденов.

Желідегі жазба

Еске сала кетсек, 14 қазанда, #НеМолчи қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің (Смайылова) Facebook парақшасында 26 қыркүйекте Алматыда болған жантүршігерлік қылмыс туралы жазба жарияланды. 

"Әйелді (33-те) құрбысы (48-де) өзінің болашақ күйеуімен таныстыру үшін қонаққа шақырған. Олар біраз уақыттан бері таныс болғандықтан, әйел ойланбастан кешкі сағат 5-те құрбысына қонаққа барды. Кейін пәтер бір тәулікке жалға алынғаны белгілі болды. Бәрі таныстықты атап өткен, бұдан соң 33 жастағы әйел өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалды. Бұдан кейін не болғанын білмейді. Кейін өзін ұрып, зорлап, бір нәрсе ішкізгенін еміс-еміс есіне түсірді. Кейін бұл сұмдықтың түнгі екіге дейін жалғасқаны және күдіктілер бәрін ұялы телефонға видеоға түсіргені анықталды", - деп жазды Таңсәрі.

Жаңалықтар
0