НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан – Sputnik. Қазақстанда мемлекеттік нөмір мен автокөлікті тіркеу туралы куәлікті үйге дейін жеткізуге қызметі іске қосылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-сына сілтеме жасап.
"eGov.kz порталында қазақстандықтарға көліктің мемлекеттік нөмірін және көлікті тіркеу туралы куәлікті жеткізуді рәсімдеуге мүмкіндік беретін қызмет пайда болды. Ол үшін қажетті деректерді, тұрғылықты мекенжайын көрсету және қызметке ақы төлеу жеткілікті. Осыдан кейін "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" қызметкері мемлекеттік нөмір мен техникалық төлқұжатты үйге әкеліп береді", - делінген ресми хабарламада.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысовтың айтуынша, қазақтандықтар үйде отырып автокөлік сатып алуға байланысты қызметтердің барлық пакетін алған жағдайда көліктіресімдеу процесі толығымен автоматтандырылады.
"Бұрын ол үшін қазақстандықтар, кем дегенде, екі рет мамандандырылған ХҚКО-ға барса, қазір eGov.kz порталында рәсімдеп, нөмірлік белгіні таңдап, автокөлікті есепке қойып, тіпті мемлекеттік нөмір мен куәлікті онлайн жеткізуді рәсімдеуге болады", - деп атап көрсетті Тұрысов.
Жаңа қызметті алу үшін "Көлік және коммуникациялар" бөлімінің "Автомобиль көлігі" бөлімшесінде "МТНБ және КҚТК-ны үйге жеткізу" қызметін таңдап, авторизациядан өтіп, оған тапсырыс беру керек.
Сонымен қатар, көліктің алып тастаған және жаңа мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі мен тіркеу туралы куәлік нөмірін енгізу керек. Тапсырыс берілген халыққ қызмет көрсету орталығының атауы мен мекенжайы көрсетілуі тиіс. Осыдан кейін қызметке ақы төлеу және ЭЦҚ көмегімен не болмаса бір реттік смс-пароль арқылы қол қойылады (міндетті түрде мобильді азаматтар базасында тіркелу қажет).
Қызмет жеке тұлғаларға қолжетімді. Қызмет көрсету мерзімі – 1 жұмыс күні.